Алматы әуежайы маңындағы жер теліміне қатысты тергеу басталды

Алматы әуежайы маңындағы жер теліміне қатысты тергеу басталды

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әуежай аумағына жақын жерде заңсыз құрылыс мәселесіне келер болсақ. Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Талғар ауданында әуежайы маңында жер учаскелерін заңсыз беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 2015-2019 жылдары Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары қызметтерін асыра пайдаланып, жеке шаруашылық жүргізуге, тұрғын үй құрылысын салуға әуежайдың санитарлық қорғаныс аймағынан заңсыз жер бергені анықталды. Санитарлық ереже бойынша, санитарлық қорғаныс аймағында қайта салынып жатқан құрылыс, қайта құрылып не ұйымдастырылып жатқан бау-бақша серіктестігі немесе жеке саяжай учаскелеріне рұқсат етілмейді", - деді Скляр Нұр-Сұлтандағы ОКҚ баспасөз мәслихатында. Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан ұшып шыққан 93 жолаушысы бар Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежай маңына құлаған болатын. ІІМ мәліметі бойынша апат салдарынан 12 адам қаза болған.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
                   
               


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі