​Кәсіпкерлік сала заң талаптарына сай жанданады

WhatsApp-Image-2019-09-24-at-10.02.56.jpeg

Жақында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту іс-шараларының орындалу барысы туралы талқыланып, қала басшысы үйде отырып кәсіпкерлікпен, қандай да бір табыс көзі бола алатын іспен айналысу бойынша сала мамандарына бағдарлама әзірлеуге ұсыныс білдірді.

Алғашқы болып баяндама жасаған «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі басшысының м.а. Мейірхан Қазихановтың айтуынша, Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедек балалар саны 7023 адамды құрайды. Қамкөңіл жандарға әлеуметтік қызмет көрсету үшін үш инватакси автокөлігі қызмет көрсетеді. Шақыртудың көптігінен қосымша тағы бір инватакси көлігінің кажеттілігі туындап отырғандығы назарға алынды.

Жер түгендеу мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайына тоқталған «Жер қатынастары» бөлім басшысының м.а. Нариман Қасымов облыс әкімдігінің тапсырмасына сай жұмысшы топ құрылғандығын атап өтті. Өткен аптада «Бекзат» мөлтек ауданында жүргізілген тексеруде 93 заң бұзушылық бар екені анықталған. 42 өз бетінше жер учаскесін иелену фактісі, 34 жер нысаналық мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған болса, 16 жер учаскесі игерілмеген. Түгендеу нәтижесі бойынша халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

WhatsApp-Image-2019-09-24-at-10.02.39-1024x682.jpeg

«Сәулет және қала құрылысы» бөлімінің басшысы Жандос Тасовтың мәлімдеуінше, 9 ай қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде құрылыс талаптары сақталмай бой көтерген 150 нысан анықталған. Оның ішінде 4 нысанның ісі сотқа жіберіліп, бұзылуы туралы шешім қабылданған. 48 нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Әкімшілік айыппұлдың мөлшері 15 млн 150 мың теңгені құрап отыр.

Қала көшелеріндегі заңсыз құрылыстар, қызыл сызықта орналасқан нысандардың өрт кауіпсіздік талаптарының сақталуы, пандустар орнату қажеттілігі ескертілді. Осы мәселелерді атап өткен қала басшысы Рашид Абатұлы «Кәсіпкерлікті қолдауға дайынбыз, тек заң талаптары бәрімізге ортақ» – деген пікір білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды