3D тур арқылы турист тарту нәтижелі жоба

Screenshot_1.jpg

Бүгінде Түркістан қаласы әлем назарын өзіне аударып отыр. Түркістандағы танымал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, ондағы тарихи-құнды жәдігерлер, тұлап бойына терең сыр бұққан түрлі мешіттер, жертөлелер адам бойында мистикалық сезім оятып, қызықтырмай қоймайды. Жан-дүниесі тарихи орындарға саяхатты қалайтын адам бір орында тыныш отыра алмасы белгілі. Түркістанды көргісі келетін, бірақ мұнда түрлі себептерге байланысты келе алмайтын азаматтар болуы мүмкін. Оларға да жағдай жасаған абзал. Қалай?

Бұл сұраққа azretsultan.kz сайтынан жауап таба аласыздар. Құрамында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі туристерге Түркістанға виртуалды тұрғыда саяхат жасауға мүмкіндік сыйлады. Яғни, кез-келген адам azretsultan.kz сайтын ашып, арнайы жасалған 3D тур бөлімін таңдап, кесене маңындағы қалаған нысанын көре алады. Сайт жылдам істейді. Қолына тінтуірді ұстаған компьютер қолданушысы кесене ішінде виртуалды тұрғыда еркін қозғалады. 

Нәтижесінде шетелде отырған азамат виртуалды түрде Түркістанды көріп, осында келу деген қызығушылығын оята алады. Бұл өте нәтижелі жоба. 3Д тур өз кезегінде турист тартуда зор рөл ойнайды. Себебі мұнда турист өзін Түркістанда жүргендей сезіне алады.

Қазіргі таңда кесенедегі нысандарды ең алдымен қорық-музей сайтынан көруге болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды