Қаратауда эстетикалық муралдар салынды

Қаламызды көріктендіру мақсатында көпқабатты үйлердің қасбетіне айрықша көңіл бөлінуде. 

image.png

Бүгінге дейін көпқабатты үйлердің қасбетінде тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар және қоғамның өзекті мәселелері суреттелсе, енді Қаратау ауданында эстетикалық көңіл-күй сыйлайтын муралдарды салу жұмысы қолға алынды.

«Нұрсәт» шағынауданындағы  көпқабатты үйлердің қабырғасына  салынған муралдар шаһардың ажарын ашып, жұртшылық назарын аударып отыр.

Тұрғындардың көңілінен шыққан дүниені аудан әкімдігі өзге де аумақтарға да салу көзделген. Қала көркін ашатын мұндай туындылар алдағы уақытта түрлі тақырыпта бейнеленеді. 

Бүгінге дейін ауданның орталық көшелерінде салынған муралдар саны 15-ке жуықтаса, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  тағы 12 орынға сурет салу үшін қаладағы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс берілді.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, мұндай муралдар мәдени құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай қаланың ажарын ашады. 

Бұл жұмыстар кәсіби мамандар тарапынан атқарылуда

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаратауда эстетикалық муралдар салынды
  • Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді
  • Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді
  • Ақпараттық-насихаттық топ студенттермен кездесті
  • Ақпараттық-насихаттық топ студенттермен кездесті