Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің 43 пайызы жаңа басқару жүйесіне өтті

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде  жалпы алаңы 303,3385 га болатын 6 жер учаскесі мүлік иелерінің еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды. 

image.png

Бұл туралы басқарма басшысы Ғ.Утенбаев қала әкімі Мұрат Әйтеновке мекеменің тоғыз айда атқарған жұмыстарының есебін беру жиынында айтты.

Көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жаңа басқару жүйесін енгізу тапсырма жоспары 43 пайызға орындалып, қала бойынша 113 мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және 773 жәй серіктестік (ЖС) құрылып, тіркелген. 

Қаланың лифт шаруашылығын үйлестіруде қолданыстағы барлық лифтлерге, эсколаторларға, тағы басқа жүк көтеру механизмдеріне түгендеу жұмыстары атқарылған.

Жүк көтергіш құралдарына қызмет көрсетуші ұйымдар өкілдеріне лифтілерді тіркеуге қою мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Биыл 112 лифт комиссиялық сынақтар өткізілсе, 16 лифт тіркеуге қойылған.  Жүк көтергіш құралдырын электронды түрде «Egov.kz» порталы арқылы іске асырылады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке