Шәмші сезімін оятқан cыған қызы

Шымкентте Жұмат Шанин атындағы академиялық драмма театрында Шәмші Қалдаяқовтың әнімен өрілген «Сыған серенадасы» көрермен назарына ұсынылды. 

image.png

Ақын, драматург Исрайл Сапарбайдың поэтикалық музыкалық драмасында Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен әсіресе ән падишасының жұртшылыққа белгісіз тұстары баяндалған. Драманың бас қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов.

Оқиға желісі бойынша жас Шәмшінің Изольда есімді сыған қызына ғашық болғаны, көшіп-қонып жүрген халықтың қазақ жерінен кетер тұста ғашықтар қимастықпен қоштасады. Себебі, Шәмші туған жерін, елін тастап, сүйгеніне еріп кете алмайды. Осылайша, қос жүректің махаббатынан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келеді.

Бұл нәзік сезім мен романтикалық шығарма – кіршіксіз, таза махаббаттың жемісі болды. Спектакль дарынды композитордың әнімен сүйемелденді. Поэтикалық драма желісіндегі арпалыс, сезім машақаты, Шәмшінің өрмінезді өнегесі көрермендердің көңілінен шықты. 

Бүгінде Ш.Қалдаяқовтың өміршең туындысын еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін сүйіп тыңдайды. Ән падишасы өзі болмаса да оның шығармалары қазақ халқымен мәңгі жасайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке