Карантиндік шектеу шараларының сақталуы күшейтілуде

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала  аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын  күшейту  жөніндегі шаһар әкімінің  тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін  ауданда құрылған  мобильді топпен бірге аудандағы  кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері  қаулысының талаптарын  қатаң  сақтау қажеттігін түсіндірді. 

image.png

Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері  мен қызметкерлеріне күнделікті  санитарлық талаптарды және  қаулыда  көзделген  тапсырмаларды бұлжытпай орындауды  тапсырды.  

Еске сала кетсек, Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар. 

Қаратау ауданы  аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік 2021 жылдың  қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы  карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық  тауарлар  мен  көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.

image.png

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке