Біртанов 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Былтырдан бері үйқамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істің біраз мән-жайы белгілі болды. Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту жөнінде сотқа өтініш берген прокурордың айтуынша, 2015 жылы Денсаулық сақтау министрлігі хорватиялық Ericsson Nikola Tesla компаниясымен автоматтандырылған ақпарат жүйенің платформасын жеткізу жөнінде келісім жасаған. Бұл жобаның құны 17,8 миллион долларды құраған. 

Screenshot_6.jpg

Алдын ала жоспар бойынша платформа мәліметтерді сақтаудың бірыңғай жүйесіне айналып, онда денсаулық сақтауға қатысты барлық мәлімет сақталуы тиіс болған. Алайда платформа сенімді ақтамаған.  Біртанов платформаның дұрыс жұмыс істемейтінін біле тұра өзінің орынбасары Олжас Әбішевпен келісіп, 2018 жылдың қазанында жүйені Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 медициналық мекемесінде пилоттық жоба ретінде енгізу жөніндегі құжатқа қол қойған. Әрине,  жоба мүлдем іске аспаған. 

Бірақ осыған қарамастан Біртанов  2019 жылдың қаңтарында премьер-министрге пилоттық жобаның сәтті өтіп жатқаны жөнінде есеп берген көрінеді.

 Бұдан бөлек 2018 жылдң қазанында  Олжас Әбішев Біртановтың тапсырмасы бойынша жоғарыдағы Ericsson Nikola Tesla компаниясымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолданбастан 9 миллион долларлық келісім-шарт жасайды. Сол жылдың желтоқсанында Әбішев Біртановтың нұсқаумен компанияға 6,8 миллион доллар аударып жіберген. 

2018 жылдың қазанында Біртанов, Әбішев және Ericsson Nicola Tesla компаниясының президенті электронды денсаулық паспортының платформасын таныстырған. 2019 жылдың қаңтарында Біртанов бұл жүйені тәжірибе ретінде енгізу жөніндегі құжатқа қол қояды. 2020 жылдың қаңтарында ол премьер-министрдің орынбасарына  платформаның кем-кетіктерінің түзетілгенін хабарлаған. Арада бір айт өткенде аталған платформаның қолданысқа енгізілгенін мәлім еткен. Алайда тергеу барысында платформаның әлі күнге жұмыс істемейтіндігі анықталыпты. 

Мемлекеттік айыптаушылардың тұжырымына қарағанда, Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев өздерінің осы әрекеттері арқылы мемлекетке 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар шығын келтірген. Экс-министр Қылмыстық кодекстің  12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген баптары бойынша күдікті ретінде танылып отыр.  

Алайда Біртановтың адвокаттары айыптаулармен келіспейді. Жуырда олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, Біртановтың ісіне ара түсуді сұранды. Адвокаттардың айтуынша, жоғарыдағы платформалар бүгінгі күні жұмыс істеп тұр. Ал Біртанов сотта өзіне әзірге ешқандай айып тағылмағанын мәлім етті.  

Сонда кімге сенеміз? Істің мән-жайларына қарағанда, платформаларды жасау жөніндегі жұмыстар 2015 жылдан басталған. Осы уақыт аралығында премьер-министр, оның орынбасары Біртановтың құрғақ ауыз сөзіне сеніп отыра берген бе?  Ал құқық қорғау, тексеруші органдар ай қарап жүрген бе? Егер Біртанов былтыр коронавирусқа қатысты жағдайдан кейін отставкіге кетпегенде бәрі жабулы қазан жабулы күйінде қалар ма еді?

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды