Аса ірі көлемде мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов тергеуден қашып кетуі мүмкін. Осылай деген прокурор оны қайтадан үйқамаққа алып, жұмысқа шығармауды сұрады, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.
- Тергеу Елжан Біртановтың үйқамақта отырғанда отбасы мүшелерінен бөлек басқа да адамдармен, қорғаушылармен де сөйлесуге тыйым салынғанына қарамастан олармен бірнеше рет арласқанын анықтады. Сондай-ақ, күдікті Біртанов пен оның жақындарының атында шетелде жылжымайтын мүлік тіркелген және тұруға рұқсаты бар екенін анықтап отыр - деді прокурор Төлеген Жараспаев.
Прокурор экс-министрдің шетелден қашып кетуінен күдіктенетінін айтады. Сол себепті Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін 14-ші маусымға дейін, яғни 1 айға дейін созуды сұрады. Бірақ, бұған келіспейтін Біртановтың қорғаушылары оны ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатуын айтты.
Бұған дейін, 1 жарым миллиард жымқырды деген күдікпен ұсталған экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылып, таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Сотпроцесі қайта жалғасады.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/VvBWLTSQGok" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>