Мәжілістегі ең жас депутат "Азат алаң" бағдарламасына берген сұхбатында ата-анасы туралы сұраққа жауап берді.
- Қарапайым отбасынан шықтым. Ата-анам зейнеткер. Мен Алматыда туылдым. Бірақ ауылды өстім. Білім алдым. Кейіннен Алматыға қоныс аудардым.
Байлық деген ұғымды әркім өз бетінше түсінеді. Байлық ақшаға ғана тірелмейді ғой. Рухани байлық, отбасының амандығы, татулығы, бірлігі.
Отбасым бұл жаңалықты (депутат атанғанды - автор) зор қуанышпен қабылдады. Ата-ана деген баласы үшін әрқашан тақымын қысып отырады ғой. Олар әрқашан біреудің ала жібін аттамауды айтып отырады. Ешкімді алдамау, арбамай, таза жүріп өз ісін адал атқаруды айтты. Мен олардың аманатын орындаймын, - деді Мәди Ахметов.
Еске сала кетейік, Парламенттің төменгі палатасының жетінші шақырылымының ең жас депутаты Мәди Ахметов - Қазақстан тарихындағы ең жас депутат болып рекорд жаңартты.