Министр мен депутаттарға екпе қашан салынады?

Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелеріне вакцина қашан салынатындығын айтты.

екпе.jpg

- Олар мемлекеттік қызметкерлермен тең дәрежеде вакцинациялауға жатады. Ал бұл кезең медициналық қызметкерлер, мұғалімдер қауымы, әскери қызметкерлер толыққанды вакцинациялаудан өткен соң жүзеге асырылады, сонымен қатар өзге де мемлекеттік қызметкерлерге екпе салу көзделген, - деді бас санитарлық дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл кезең болжам бойынша, наурыз айының соңы және сәуірдің басы болуы тиіс.

- Біз ол кезде қолжетімді кез-келген вакцинаны қолданатын боламыз. Сірә, бұл - "Sputnik V" болады - деді ол.

1 ақпанда Қазақстанда ерік білдіргендерді жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Қазірдің өзінде 20 мыңға жуық медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке