Елбасы Ақан Сатаевқа маңызды міндет жүктеді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ басшысы Ақан Сатаевты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Елбасы.jpg

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрқашан өнер саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгенін айтты.

- Сіздің киноиндустрияда жинаған тәжірибеңіз мол, қоғамда танымалдыққа ие болдыңыз, фильмдеріңіз түрлі кинофестивальге қатысып жүлдемен оралып жүр. Көрермендер сіздің "Анаға апарар жол", "Томирис" және басқа да туындыңызға тәнті болды. Қазіргі уақытта сізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер шығару жөніндегі жоспары мен отандық кино сапасын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды