Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько қайтыс болды, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Николай Чебатько.jpg

Олимпиада ойындарына төрт рет қатысқан спортшы жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған. Апат 24 қаңтарға қараған түні Ақмола облысында Бурабай ауылына жақын жерде болған.

Николай Чеботько универсал шаңғышы болғандықтан, ол жарысқа кез келген қашықтықта  қатыса беретін.

2013 жылы Валь-Ди-Фьемде әлем чемпионатында үшінші орын алған. Сондай-ақ ол Азия ойындарының үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иегері болатын. 

- ҚР-ның Ұлттық Олимпиада комитеті елдің спорт қауымдастығы атынан Николай Чеботьконың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Оны талантты шаңғышы, нағыз олипиадашы, керемет адам ретінде еске аламыз, - делінген сайтта.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке