Байбекке тіл тигізген Мамайды Мәжіліс депутаты жекпе-жекке шақырды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді. Сұхбат барысында Нартай Аралбайұлы депутатқа Жанболат Мамаймен дебатқа шығу ұсынысын тастады.

Screenshot_1.jpg

- Дайынмын, шақыра аламын. Жанболат Мамай, екеуіміз бірге дебатқа шығайық. Белгіленген тақырыпта мәселелерді көтерейік. Жалған сөз, жалған ақпарат емес, шынайы, жүйелі ашық форматтағы, жақсы дебат болатынына сенімім мол, – деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Мамайдың Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке таққан айыптарына қатысты да пікір білдірді.

Бұған дейін Жанболат Мамайдың шулы видеоролигіне қатысты Бауыржан Байбектің өзі жауап қатып, қоғам белсендісін сотқа беретінін ресми мәлімдеген болатын.

- Жанболат Мамай Бауыржан Байбекке тағы бір видео арнап, оны дебатқа шақырыпты. Қандай дебат, адамға жала жаптың ба, енді соттың алдында жауап бер. Соттың трибунасын дебат ретінде пайдалан, сол жерге бүкіл дәлелдеріңді жинап әкел де, айтқан сөзіңе жауап бер, айтылған сөз – атылған оқ, – деді депутат.

Оның пікірінше, саясаткерлер өздеріне қатысты айтылған сын-пікірге, айыптауларға қоғам алдында жауап қатуы тиіс. Сонда ғана саяси мәдениетті мемлекет құра аламыз дейді ол.

Сондай-ақ депутат Жанболат Мамаймен жеке таныс екенін және дөңгелек үстелдерде пікірлес болғанан айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке