Теңге есімі қанша қазақстандыққа берілген?

Қазақстандықтар 15 қарашада Ұлттық валюта күнін атап өтіп жатыр. Бірақ кейбірі үшін "теңге" сөзі есімді де білдіреді. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда "Теңге" есімімен қанша адам тұратынын білді.image.png

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің сайтындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Тенге және Теңге есімді, сәйкесінше, 81 және 11 бар. Атаудың тағы бір қызық нұсқасы бар - Актенге (99 адам) және Ақтеңге (57).

Ақтеңге Қаналиева бұл есімнің нені білдіретінін айтып берді. 

- Мені атам осылай атаған. Мен дүниеге келген жылы біздің валюта пайда болды. Маған атым ұнайды. Оның мағынасы туралы ешқашан ойланған емеспін. Жарқын және мейірімді қыз болсын деп Ақ деген сөзді қосқан шығар, - деді ол.

Ақтеңгемен бір сыныпта Теңге деген қыз оқыған екен. Екеуі де Маңғыстау өңірінен шыққан.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке