Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) голландиялық Стивен Даньоны (17-3-3, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды
Кездесу он раундқа созылды. Ахмедов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандықтың бұл 12-ші жеңісі.
Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтті. Мұнда жеңімаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленді.
Ахмедов рингке Мексикада алғаш рет шығып отыр. Ол өткен он кездесуін Канадада, тағы біреуін Қазақстанда өткізген. Ол канадалық Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.
Кейінгі рет Ахмедов рингке былтыр желтоқсанда Монреальда шығып, жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/tntBRGwXiU4" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>