Солтүстік Корея АҚШ-қа дейін жетуге қауқарлы зымыранды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея 2017 жылдан бері алғаш рет тыйым салынған континентаралық зымыранды сынақтан өткізгенін мәлім етті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

 Screenshot_3.jpg

Зымыран бір сағаттан артық уақытта 6 мың шақырым биіктікке көтеріліп, Жапонияның оңтүстігіндегі суларға құлаған.

Жапонияның ресми тұлғалары зымыранның дәлдігі 1100 шақырымды құрайтынын, теориялық тұрғыда зымыран АҚШ-қа жете алатынын айтады.

ВВС мәліметінше, Солтүстік Корея соңғы апталарда бірнеше сынақ өткізген. АҚШ пен Оңтүстік Корея бұл сынақтардың құрлықаралық баллистикалық зымыран жүйесімен байланысы бар деп санайды.

Пхеньян 2017 жылы ұзақ дәлдіктегі баллистикалық зымырандар мен ядролық сынақтардарды өткізуге мараторий жариялаған. Алайда ел басшысы Ким Чен Ын 2020 жылы уәдесін бұзатынын мәлім етті.

БҰҰ Солтүстік Кореяға баллистикалық және ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салады. Алдыңғы сынақтардан кейін елге қатаң санкциялар енгізілген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Головкин Жапониядағы жекпе-жегі алдында жаңа мәлімдеме жасады
  • Солтүстік Корея АҚШ-қа дейін жетуге қауқарлы зымыранды сынақтан өткізді
  • Путинді қандай тәсілмен өлтіретіні белгілі болды
  • Танымал продюсер қос келініне ақылы мен өтінішін айтты
  • Тұңғыш Президент Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады