Туристерге сандық жүйе арқылы қызмет көрсетілмек

Елбасы Н. Назарбаев бір сөзінде: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан», — деген болатын. Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған.  Түркістан қаласы халықаралық көлік магистральдің желісінде орналасқан. Теміржол, көлік жол қатынастары ретке келтірілген. Қаланың әлеуметтік-инфрақұрылымында да басты нысандар туристерге қызмет атқара алады.

Мамандардың мәліметінше 2017 жылмен салыстырғанда қалаға келуші туристер мен зияратшылардың   саны өткен жылы 25 пайызға артып, 1 миллион  495 мың адамды құраған.  Туристерге көрсетiлген қызметтерден 5 миллиард  900 миллион теңге көлемінде  табыс түскен.  «Жеке инвестицияның есебінен 19 қызмет көрсету нысандары бой көтеруде. Шетелдік туроператорларды осында әкеліп, туристік нысандарымызды көрсетіп, нақты туристер алып келу бойынша келісім-шарт жасастық. Біздің туристік нысандарды сандық жүйеге енгізіп, билет алу, кіру, шығу, туристер санымен біздегі айырмашылықты осы сандық жүйе арқылы жоюды көздеп отырмыз»,- дейді Облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқарма басшысының орынбасары Жасұлан Төлебеков.

 ЮНЕСКО мойындаған тарихи орынды түлету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі