Тұңғыш Халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды

7287ba1d77007a2332e03678a2cb471b.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұған дейін «шаһардың әлемдік байланысын арттыру үшін теміржол, әуе қатынастары қарқынды дамиды» деп атап өткен болатын. Әлбетте болашақта миллиондаған туристерді тарту үшін қалаға заманауи әуежайдың қажеттілігі сөзсіз еді. Осы ретте бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласына іссапармен келді.  Бұл күні қала жұртшылығы тарихи күнге куә болды. Премеьер-Министр облыс орталығында бой көтеретін халықаралық әуежайдың алғашқы іргетасын қалады. Асқар Мамин сөз кезегінде халықаралық маңызы бар нысанның уақытылы пайдалануға беру қажеттігін айтты.

Компания басшысы Арслан Хусейннің айтуынша терминал халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250 адам қабылдауға қауқарлы екен.

Сала мамандарының сөзіне сүйенсек жаңа әуежайдың құрылысын түркиялық инвесторлар жүргізбек. «Ұшақтардың тұрағы» Түркістан қаласынан 16 км қашықтықта орналасқан. 900 гектар аумақта терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр. Халықаралық әуежай 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

   Бұл облыс орталығындағы тұңғыш  халықаралық әуежай екенін еске сала кетейік. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі