Кристина: Қазақстанды ешқандай байлыққа айырбастамаймын!

Screenshot_26.png

Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін этнос өкілдерінің де саны артты. Солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Кристина Бойко. Шымкенттік Кристина қазақ тілінде қазақтардан асып түспесе, кем сөйлемейді. Жастайынан қазақ тілін дәріптеп өскен қыз мамандық таңдауда ешбір ойланбағанын айтады. Бүгінде ол ОҚМПУ қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде білім алуда.

– «Ел бірлігі мен ынтымағын арттыру жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің орнықтылығын ғана дәлелдеген жоқ. Елбасымыз айтқандай, Ассамблея қазақ жерін татулықтың талбесігіне бөледі. Елдіктің өлшемі, татулықтың тұтқасы болды. Ел дамуы үшін маңызды мәселелерді шешумен ерекшеленеді. Ассамблея аясындағы этномәдени бірлестіктер мәдениеті мен салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын ғана дәріптемейді. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға, этносаралық бітім мен қоғамдық келісімді нығайтуға айрықша мән береді. Қазақ жерін мекен еткен барша ұлттың міндеті – ел бірлігі мен ынтымағына қылау түсірмеу. Сондықтан елімізде 130-дан астам ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі қазақ халқының арқасы. Қандай қиын кезеңді бастан кешсе де дана халық мәрттігін, бауырмалдығын жоғалтпады. Сондықтан Отаным – Қазақстанды ешқандай байлыққа айырбастамаймын! Қазақ жеріндей тіл де еркін, тәуелсіз болса деймін. Өзгелерге тіл тазалығын үлгі еткім келеді. Тәуелсіздіктің оңай келмегенін тарихтан білеміз. Егемендігіміздің 30 жылында жүз жылға татитын қадамдар жасалуда. Дегенмен, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту үшін жұмысқа орналасатын азаматтарға талап қойылуы тиіс. Олар қазақ тілінде оқып, жаза алуы керек. Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне мән беруі қажет, – дейді тіл жанашыры Кристина.

Қазақшаға жетік студент қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Тілді ғана емес, салт-дәстүрімізді де жақсы біледі. Тілден артық қазына, артық қасиет жоқ екенін орыс қызы осылай дәлелдеп жүр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды