Мектеп оқушыларын болашақта тәртіпті азамат болуына өз септігін тигізетін жандар - ол ата-ана, мұғалім және ювеналды полиция инспекторлары. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау аса жауапты мәселе болғандықтан Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.
Мектеп инспекторлары қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келеді. Оның қызметі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, оларды бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау болып табылады.
Таяуда қаладағы №82 жалпы орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Айнұр Қарабаева қыздардың арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы айтып, баяндама оқыды. Басқосуда жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заңбұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді. Сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.