Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында көркем гимнастикадан әйелдер мен жастар арасында ҚР Чемпионаты мен Кубогы өтуде. Бүгін «Көркем гимнастика спорт кешенінде» жарыстың салтанатты түрде ашылу рәсімі ұйымдастырылып, командалар сап түзеді. 

image.png

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыста еліміздің барлық өңірінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 330-дан аса спортшы жекелей және топтық сайыс бойынша бақ сынайды. 

Сайыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Наталья Мамашева. 

Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
  • «Күміс қалам» поэзия кешінің жеңімпазы анықталды
  • Жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам» поэзиялық кеші басталды
  • Шымкентте «SMART» аялдама ашылды
  • Правила кормления грудью