Шымкент қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Қалаға келетін туристер саны артқан сайын оларға ұсынылатын көрікті жерлер де көп болғаны абзал. Сонымен қатар Шымкенттің жазғы аптабы көптеген туристерге қиындық тудыратыны сөзсіз. Оларға ыстықтан қалқалайтын көлеңке керек. Ал көлеңкені ағаштар түсіретіні белгілі. Ағаштар тұрғындарды аптаптан құтқарып қана қоймай, қала көркін ашады. Қоршаған ортаны ластануда сақтайды. Сол себепті де ағаш отырғызу өте маңызды.
Осы орайда Қаратау ауданында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Қаланы көгалдандыру мақсатында жыл басынан бері аудан аумағында 6 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 70 мыңға жуық түрлі декоративті және көп жылдық гүлдер егілді. Декоративті ағаштар мен гүлдер қысқа мерзімде жапырақ жайып, қалаға келген қонаққа қуаныш сыйлайды. Туриске де ең керегі осы. Олар саяхаттап барған жерінен эстетикалық ләззат алғысы келеді.
Жасыл желектерді күтіп-ұстау жұмыстары көгалдандыру жұмыстарына жауапты мекемелер тарапынан жүргізілуде. Көше бойындағы ағаштар бұталып, түптері әктелді. Қоршау жұмыстары атқарылып, қураған ағаштар орнына жаңа көшеттер отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.