Шымкентте 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Шымкентте су қоймалары мен каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді. Қазіргі таңда қалада 34 канал болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын  – 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылатын – 7 канал бар.  Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. 2 су қоймасы (Тоғыс, Бадам) «ҚазСушар» РМК меншігінде, 2 су қоймасы (Текесу, Ақжар) басқарманың теңгерімінде. 

image.png

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын  3 каналға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылды. Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында алдағы 4 жылда жалпы ұзындығы 95,74 шақырымды құрайтын 22 каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарлануда. 

Шымкент Келбеті

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке