Түркістан қаласы республикалық деңгейдегі топ-10 негізгі дестинациялардың қатарына қосылды

Screenshot_5.jpg

Бүгінде кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалардың қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаратылып жатқаны белгілі. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында жемісін беруде. Осы орайда қала бойынша кәсіпкерлік саласының жағдайын білу мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаев мырзамен тілдескен едік.

"Бүгінгі таңда тиімді мемлекеттік қолдау мен қабылданып жатқан шаралардың арқасында өңір экономиканың барлық негізгі салаларында өсуге қол жеткізді, бизнесті табысты жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптасты - инвесторлар құқығының басымдығында, инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша қолдау және сүйемелдеу көрсетілуде. 

Қазіргі таңда, қалада туризм саласын дамыту Мемлекет басшысы белгілеген басты міндеттердің бірі болып табылады. Бірегей сәулет-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар Түркістан шаһары өңірлік және халықаралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Сондай-ақ Түркістан қаласы республикалық деңгейдегі топ-10 негізгі дестинациялардың қатарына қосылды. Туристік инфрақұрылымды жақсартуға, соның ішінде қонақ үйлер мен туристік кешендер салуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл өз кезегінде орналастыру орындарынан түскен табыс көлемі 1,5 млрд. тг. құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 (0,3 млрд.тг.) есеге артып отыр. Туризмді одан әрі дамытуда 2025 жылға дейін 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда Түркістан қаласында "Ұлы Дала Елі" Ұлттық брендін насихаттауға бағытталған Орталық Азияның аса ірі туристік кешені - "Керуен Сарай", "Ұлы дала елі" орталығы, "Фараб" кітапханасы жұмыс істейді.

Облыстың қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы көліктік-логистикалық әлеуеттің жақсы дамуына ықпал етуде. Өңір Орталық Азияның негізгі логистикалық орталығына айналуда. Себебі аса маңызды "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансұлттық көлік дәлізі өтсе, 2020 жылы "Hazret Sultan" халықаралық әуежайы іске қосылды.

Жалпы өңірде атқарылған жұмыстарға сәйкес, 2021 жылы қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан қаласына  келуші зияратшылар мен туристердің саны 1 506 080 – ге жетті", - дейді бөлім басшысы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді