Ресторандар қала тұрғындары мен қонақтарына дәмді тағамдар ұсынды

Screenshot_4.jpg

Түркістан қаласында «GASTRO FEST TURKISTAN - 2022» ауқымды фестивалі өтті. Шаһардағы 25 тен астам ең мықты мейрамханалар қала қонақтары мен тұрғындарға ұлттық тағамдарды, жергілікті және көше тағамдарын, десерттер мен сусындар дайындаған. 

Гастрофестивальдің негізгі мақсаты – Түркістан қаласының көрнекті белгісіне айналатын, өңірдегі қоғамдық тамақтандыру саласын дамытуға және гастрономиялық брендін қалыптастыруға үлес қосу. Мұнда ең мықты мейрамханалардың түрлі тағамдары мен ас мәзірін таныстырып, тұрғындарға ұсынды.

Іс-шараға 2 мыңнан астам қонақ қатысты. Олар бұл ерекше фестивалді тағатсыздана күткенін айтады. Тіпті, арасында басқа қаладан арнайы атбасын бұрған қонақтарда бар.

"Осы фестивальді пайдаланып қала қонақтарына палау тамағын ұсынып жатырмын. Бұл палауды зор махаббатпен жасадық. Палау еттің ең шүйгінді жерінен жасалады. Палаудан дәм татқан көпшілік ризашылықтарын жаудырып жатыр, - деді "Балкон" мейрамханасының менеджері Жамолиддин Айтбаев.

Гастрофестиваль аясында ойындар, конкурстар, шеберлік сыныптар ұймдастырылып, концерттік  бағдарламалармен жалғасын тапты.  

Ал қалаға қонақ болып келген Әсия Тұрлыбек бұл іс-шараның маңызы өте зор екенін айтуда. 

"Қалаға қонақ болып келіп отырмын. Сағат бірде басталғалы бері осында жүрмін. Тамақтардың дәмін татып, тәттілерінен де жедік. Өте дәмді. Қатты ұнады. Түркістан халқы өте қонақжай екен. Көңілімнен шықты, - дейді қала қонағы. 

Сонымен қатар, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы іс-шара барысында Түркістанның алғашқы гастрокартасын таныстырды. Картада туристерге баруға ұсынылған қала мекемелері туралы ақпарат бар. Және Бұл картадан, нағыз түркістандық самсаны, тіл үйірер кебабты, қазақ тағамдарының көне рецептері бойынша дайындалған тағамдардың мекен-жайларын білуге болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ресторандар қала тұрғындары мен қонақтарына дәмді тағамдар ұсынды
  • GASTRO FEST TURKISTAN - 2022 фестивалі өтті
  • «Қаратау» - ұмытылымас демалыс сыйлайды
  • Мәселелер тікелей аудан әкімінің бақылауында
  • Газ мәселесі оң шешімін тапты