Жақында «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Айдарұлы қоғамдық қабылдау өткізіді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, төрағаның бірінші орынбасары Е.Исақұлов және де бөлім басшылары қатысты.
Жалпы, қабылдауға 20 дан аса адам келген. Тұрғындардың айтар шағымы аз емес. Бұған бүгінгі өткен қоғамдық қабылдау дәлел. Біреу баспана сұрап келсе, екіншісі үй іргелік және де егін егу мақсатындағы жер телімін ала алмай жүр. Мемлекеттен төленетін жәрдемақыға қолы жетпей жүрген аналар да бар.
Атап айтар болсақ, Қызылқия ауылының тұрғындарының айтуынша, Даулетов, Сегізбаев, Құлтаев көшелерінің электр бағаналарының тозығы жеткен. 2007 жылы аталған көшелердің тұрғындары өз қаражаттары есебінен орнатқан. Қазіргі таңда, ауа райы салдарынан жарық жиі сөнеді. Қаншама жылдан бері аудан әкімдерінің және орынбасарларының қабылдауларына кіріп ешқандай нәтиже көрмеген. Осы мәселенің шешілуіне ықпал етілуін аудан әкімінен өтініп келген.
Нәтижесінде: Қызылқия ауыл округі Айнатас елді мекені Даулетов, Сегизбаев, Құлтаев көшелерін электрмен қамтамасыз ету құрылысы нысанының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 10.08.2021 жылы №ТАУН-0030/21 санды сараптама қорытындысы шыққан. 2022 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге салалық басқармаға ұсыныс берілетіндігі түсіндірілді.