Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы орталық ауруханада науқастарға ем алу үшін қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жеткілікті. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде Түлкібас ауданының орталық ауруханасы елімізді әбігерге салып жатқан пневмониямен күресуге қажетті құрал-жабдықтар және төсек орындармен толық қамтылған. Атап айтар болсақ 7 жасанды тыныс алу құрылғысы және 41 оттегі нүктесі науқастарға қызмет көрсетуге дайын. Жалпы 200 төсек орын бар.Оның ішінде 50 провизорлық, ал 150 пульмонологиялық төсек орын.
Қажетті дәрі-дәрмекпен де толық қамтылған.
Қазіргі таңда ауруханада пневмония дертіне шалдыққан 118 науқас ем қабылдауда. Соңғы тәулікте 17 адам емделіп шыққан.
10 шілдеге дейінгі мәлімет бойынша Түркістан облысында пневмония дертін жұқтырғандар саны 5421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2933-ке жетті. Яғни, бүгінде науқастардың 54 пайызы толық емделіп шықты. Бұдан бөлек, облыста коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны – 2079. 1 911 адам (9 балалар) – стационарлық бақылауда (оның ішінде: инфекциялық стационарда – 196 адам (2 балалар), провизорлық стационарда – 1 715 адам (7 балалар).
Ал, ЖРВИ-мен 7749 адам тіркелсе, оның ішінде 387 адам (5 %) ауруханаға жатқызылған, 336 науқас (87%) емделіп шыққан.