Баға тұрақтылығын сақтау мақсатында

014.png

Еліміздегі қауіпті індет әсерінен қалыптасқан жағдайда байланысты бірқатар дәріханаларда дәрі-дәрмек бағаларын өсіру фактілері кездесуде. Сонымен қатар кейбір дәрілердің тапшылығы байқалған. Осыған байланысты Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар мониторинг жұмыстарын жүргізуде. 

Аталған жұмыстар барысында қазіргі таңда көп сұраныстағы дәрі-дәрмектер тізімі әзірленді. Дәрі-дәрмек тапшылығының алдын-алу үшін қоймалармен жұмыс жасалатын болады. Айта кетері, баға тұрақтылығын сақтау мақсатында дәріханалар мен әкімдік арасында және көтерме бағада дәрі-дәрмек беретін жермен үш жақты келісім-шарт жасалады. Осыған сәйкес дәріханаларда дәрі-дәрмек атауы, оның бар-жоқтығы және бағасы көрсетілген парақшалар дәріхана алдына ілініп, белгіленген бағада сатылатын болады. Егер дәрі-дәрмек белгіленген бағадан қымбат сатылатын болса, дәріхана иесіне тиісті шаралар қолданылады.

Айта кетері, осы аптаның соңына дейін Түркістан облысында 22 түрлі дәрі-дәрмектің 128 мыңнан астам данасы дәріхана сөрелеріне сатылымға шығады. Бұдан бөлек, шілде айының 20-нан кейін Түркия елінен облысқа 41 түрлі еуропалық сапасы жоғары дәрілік заттар жеткізіледі.

Облыстағы дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында өткен аптада Түркістан қаласына 136 түрлі 2 тонна дәрі-дәрмек келсе, бүгін 20 млн теңгеге 140 түрлі дәрілік препараттар жеткізілді.

Дәріханаға түскен дәрілер шекті бағамен сатылады. Бұл процесті құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері, «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, басқарма басшылары, әкімдік қызметкерлері және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы кіретін мониторингтік топ бақылайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді