Қарбыз бен қияр және қызанақ ресейге экспортталуда

image.png

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егілді. Соның 10 636 гектарына пленка астындағы қауын, ал, 2819 гектарға қарбыз егілген.

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан «Тың» ауылының диқаны Мүйтенбаев Бекжігіт өз иелігіндегі 1 гектарға пленка астында ерте пісетін қарбыз егіп, 25 тонна өнімді Ресейге жөнелтті.

«Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін «Долбый» атты сортын екі қабат пленка астына ектік. Ауа райы қолайсыз болған кездерде уайым басты. Алайда, барлығы ойдағыдай аяқталып, өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты» дейді шаруа.

Жетісай ауданы бойынша бүгінде 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны піскелі тұр.

Ал, Сарыағаш ауданының диқандары көршілес елдерге 500 тоннаға жуық ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттап үлгерген. Бүгінге дейін ауданның тауарөндірушілері Ресейге 60 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Атап айтқанда, Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары 22 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелтті.

Ауданда күніне жүздеген келі өнім жиналуда. Бұл елімізден бөлек көршілес елдерге азық-түлік тауарларын шығаруға жететінін айтады аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы. Қазіргі таңда дайын өнімдер республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, және алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта ауданда экспорт көлемін ұлғайтуға байланысты тиісті шаруалар атқарылуда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді