Бүгінде сауықтыру туризмін дамыту мақсатында «Сарыағаш» курорты аумағында ат туризмі, велотуризм мен мәдени-тарихи туризмді дамыту алға қойылған мақсаттардың бірі. Олардың айтуынша, курорт аумағынан жеке инвесторлар есебінен көптеген жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жобада шипажай, қонақ үй, автотұрақ, ашық және жабық бассейн, спа – орталық пен конференц-зал қарастырылған.
Бүгінде Сарыағаш ауданында 40-қа жуық сауықтыру шипажайы, балалар шипажайлары, гольф клубтар мен 20-дан астам қонақ үй қызмет көрсетеді.
Ал, Сарыағаш Шипажайы – емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан бальнеологиялық «Сарыағаш шипажайы» АҚ. 1953 – 56 жылдардан емдеу орнына айналды. Сарыағаш шипажайы шаруашылық ұңғымалардан тәулігіне 84 м3 су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының температурасы 49 – 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. Сарыағаш шипажайы шаруашылық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де белгілі.
Жалпы, Сарыағаш ауданы экономикасының негізгі тірегі - ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Былтыр жалпы өнім көлемі 77 млрд теңгеден асқан. Алдағы уақытта егістік алқабы 65 мың гектарға ұлғайтылып, жылыжай шаруашылығы мен тамшылатып суару әдісін қосымша 400 гектар жерге жаңадан енгізу жұмыстары жүргізілмек. Әсіресе жеміс-жидек өнімдерін өсіруді кеңейту көзделуде.