​«Еңбек» бағдарламасы еңбек нарығын ұлғайтуда

 image.png

"Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Түркістан өңірінде нәтижелі түрде жүзеге асып жатыр.

Сансыз баптар мекені Сайрам ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» белсенді шараларына  2019  жылы  7146 адам тартылған. Жыл көлемінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуды 565 адам бітіріп шығып, 340–ы тұрақты жұмысқа орналасты. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 510 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, оның 177-і өз ісін ашты.

Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларын атаулы әлеуметтік көмекпен қамтуға былтырғы жылы 12152 отбасына 5,4 млрд теңге төленді.

Мемлекет тарапынан қомақты қаржы алған отбасылар өз ісін ашып, жеке шаруашылығын    дамытып,  отбасының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Ақбұлақ ауылының тұрғыны Роза Каракулова тігін машинасын алса, Ақсукент ауылының тұрғыны Равшанбек Халтаев пластик терезе жасау цехын ашты.

Ал, Қарасу ауылының тұрғыны Арапбаева Айдана  инкубатор аппаратына қол жеткізсе, Манкент ауылының тұрғыны Гулназ Умарова ірі қара мал өсіріп, құс-мал шаруалығымен айналысуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді