Сайрамда өткен жылы 12 жоба іске қосылып, 610 жұмыс орны ашылды

 image.png

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел халқына жолдаған Жолдауында көрсетілген елді индустрияландырудың негізгі экономикалық күші - кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша, ең алдымен, бизнес ахуалды жақсарту жоспарланып отыр. Бұл бағытта Сайрам ауданында ауқымды істер атқарылып жатыр.

Өткен жылы өнеркәсіп саласында 24,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп,  облыс көлемінде 5 орынға тұрақтаған. Салада құны  2,0 млрд теңгелік  6 инвестициялық жоба іске қосылып, 166 жұмыс орны ашылды.

  Индустрияландыру картасы аясында 11,6 млрд теңгеге 12 жоба іске қосылып, нәтижесінде жаңа 610 жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 450,0 млн теңге көлемінде 10 жобаға қолдау көрсетілген.

  Белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 15118  бірлікке жетіп, 66,0 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ал ауданға тартылған 39,0 млрд теңгені құраған жалпы инвестицияның 52%-ы кәсіпкерлер есебінен құйылды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында 75,8 млрд теңгеге өнім өндіріліп, сансыз баптар мекені Сайрам ауданы облыс көлемінде 2 орынға тұрақтады. Облыста өткен дәстүрлі «ALTYN KÚZ - 2019» мерекесінде аудан еңбеккерлерінің еңбегі бағаланып, сүт және ет өндіруде I орынды жеңіп алды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді