Түркістанда биыл 15 жаңа нысан пайдалануға беріледі

Еліміздегі туризмнің орталығы саналар Түркістан қаласы уақыт өткен сайын көркейіп келеді. Мұндағы құрылыс жұмыстары әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталық болып екі аймаққа бөлінген. Қазіргі таңда мұнда 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып жатыр. Аталған құрылыстар 2020 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. 

561a87b1-8da1-4a24-9f16-a399a5760b8d.jpg

Құрылысы жүріп жатқан «Әкімшілік-іскерлік орталықта» 8 нысан бар. Олар, жабық бассейні бар спорт кешені, 7000 орындық стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық кеңсе, Аттракциондар саябағы. 

Ал «Рухани-мәдени орталықта» 7 нысан салынуда. Яссауи мұражайы, «Ұлы Дала» орталығы, Қолөнер шеберлері орталығын қайта жаңғырту, Ғылыми-әмбебап кітапханасы, Драма театры, Тұңғыш Президенті саябағы, Арбат. Бұдан өзге, «Рухани-мәдени орталығында» «Керуен Сарайының» құрылысы қарқын алған. 

Айта кетерлігі, өткен жылы 9 нысан салынды. Олар: Облыс әкімдігінің ғимараты, Қабылдау орталығы, Неке қию сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Амфитеатр, Музыкалық субұрқақ, Музыкалық мектеп, Олимпиадалық резерв мектебі, Шығыс моншасы.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында жеке инвестициялар есебінен туристерге лайықты сервистік қызмет көрсететін «Rixos», «Нұр-Әлем», «Hampton by hilton» атты қонақ үй кешендері бой көтеруде. Аталған нысандардың құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, Қ.А.Яссауи кесененің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, аумағы 20 гектарды құрайтын Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтың құрылысы аяқталған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді