Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етушілердің қатары жылдан жылға артып отыр. Екінші Мекке деп есептелінетін тарихи ескерткіштің аумағын абаттандыру, саяхатшыларға қолжетімді қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарлануда. Одан бөлек қалдағы туристердің сейіл құрып , серуендейтін орындарында заман талабына сай қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қалалық футбол алаңшасында бүгінде жасанды газон төселіп, жарық көздеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Қабылдау орталығының жанындағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да аяқталуға жақын. Ондағы жұмыстар мамыр айының ортасында аяқталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласында бой көтерген Пальма аллеясы ашылады. Қазіргі таңда балалар ойын алаңшасы орнатылып, жарықтандырылуда.
Сондай-ақ, бірер күнде Түркістан қаласы Темір жол аумағын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталады. 30 сәуірде Төреқұлов көшесіндегі абаттандыру да аяқталмақ. Көгалдандыру әрлеу, орындықтарды орнату, жарық көздеріне қосу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.
Тұңғыш Президент саябағы құрылысындағы жалпы кәріз және электр жүйелері толықтай аяқталды. Саябақ аумағында 3 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып, 50%-ы отырғызылды. Желілік саябақ құрылысында сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары, сонымен бірге, аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстарының 60 пайызы аяқталған.