Блок-бекеттер тегін тамақпен қамтылуда

92375193_545254973068877_4630064076112789504_n.jpg

Түркістан облысы Келес ауданының тумасы жеке кәсіпкер Данияр Қалымбетов елімізде төтенше жағдай басталғалы бірнеше аудандағы блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілікте тұрған мамандарды тегін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Жеке бизнесі Қарағанды қаласында шоғырланғанына қарамастан, елдегі жағдайды сырттан бақылап отыра бермей, қиын кезде жұртқа жәрдем беруді азаматтық парызы санаған кәсіпкер туған өңірге қашықтықтан ұйымдастырып көмегін көрсетіп отыр. «Біз біргеміз» акциясы аясында сәуір айының 5-нен бастап үш бірдей Жетісай, Шардара, Төлеби аудандарында өз мамандарымен блок-бекеттерде аянбай ақысыз өз қызметтерін көрсетуде.

«Төле би мен Жетісай аудандарындағы блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілікте тұрған мамандарды тегін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырмыз: олар Жетісайда 30-ға жуық блок-бекет мамандары, Төле би ауданында аралығы 25 шақырым болатын 5 блок-бекетте 60-қа шақты мамандар. Қажетті шығындарды: азық-түліктерді, көліктер мен жанармайды, жұмысшылардың жеке сақтану керек-жарағын, антисептиктерді өз тарапымыздан алдық. Екі сағаттық қашықтықтағы блок-бекеттерге тамақ арнайы термобокстармен ыстықтай күйінде жеткізілуде.

Бұдан бөлек, Шардарада карантинге алынған медицина қызметкерлерін жергілікті демеушілер алып келген азық-түлік есебінен асхана блогын ұйымдастырып, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтудамыз. Асхана жұмысшылары жеке сақтану керек-жарағымен және антисептиктермен жарақтандырылған. Осындай елге ауыртпашылық түскен кезде ел азаматтары аянбай еліне, жұртына жәрдем беруі керек деп ойлаймын», - деді кәсіпкер.

Айта кетерлігі, Данияр Қалымбетов басқаратын ұжым мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Түркістан облысының 20 мектеп-интернатының асханаларын жаңғырту жəне пайдалану келісім шартымен жұмыс істеуде.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді