Атакенттегі бірнеше көше карантинге жабылды

big_7e932522610c929c754f3453471b9691.jpg

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған азаматтардың саны өсіп келеді. 9 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус індеті 34 адамнан расталды. Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны коронавирус инфекциясынан 4 сәуір күні қайтыс болды.

Мақтаарал ауданындағы вирус жұқтырған 4 азамат та Жетісай ауданындағы науқастармен байланыста болған. Дертке шалдыққандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары қатаң түрде жүргізілуде. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жалпы Мақтаарал ауданында коронавирусқа шалдыққан 4 азамат та Атакент кентінің тұрғындары екенін айта кету керек. Осыған орай, кенттегі бірнеше көше карантинге алынып, толықтай жабылды. Қазіргі таңда кентте дезинфекция жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр. Сондай-ақ, басқа да сақтану шаралары қолға алынуда.

"Құрметті атакенттіктер! Атакент кентінен коронавирус індетіне шалдыққан тұрғындардың анықталуына байланысты кенттегі Н.Төреқұлов пен Пушкин көшелері карантинге жабылғанын хабарлаймыз. Сондықтан, көшеге шықпаңыздар! Отбасының әрбір мүшесінің, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың үйде болуын, көшеге шықпауын қадағалаңыздар! Карантин режимін бұзғандар қолданыстағы заңдар аясында жауапқа тартылатынын ескертеміз!" - деді Атакент кентінің әкімі Сламхан Азимов.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді