Штаб мүшелері тәулік бойы жұмыс істейді

200330012411225e.jpg

Түркістан облысында ашылған 38 блок-посттың бәрінде медицина мамандары полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге тәулік бойы тынымсыз қызмет етуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс орталығы Түркістанға Кентау қаласынан және Ынтымақ, Шәуілдір, Балтакөл ауылдары бағытынан кіретін жолдардың бәріне блок-посттар орнатылып, Түркістан теміржол вокзалындағы бақылау өткізу бекеттерін 15 бейнебақылау камерасымен толықтырылды. 5 бекеттің әрқайсысында 3 «Сергек» камерадан қойылған. Блокпосттарда Түркістан қалалық емхана мамандары азаматтардың дене қызуын тексеріп, дәрігерлік бақылау жүргізеді. Бұлар арқылы бір тәулікте екі мыңнан астам адам өтеді. 

Ел амандығы үшін күні-түні жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін мүмкіндігінше барлық жағдай жасалған. Бекет басына ауыз су, жарық жеткізіліп, дәретхана мен шатыр (палатка) қамтамасыз етілген.

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында сондай-ақ қаладағы қоғамдық орындарда сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Бұдан бөлек 2 бейнебақылау камерасында автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі іске қосылған. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бәрі Түркістан облысы әкімдігі тарапынан құрылған облыстық ситуациялық орталыққа қосылған. Онда барлық сала жетекшілерінен жиылған облыстық штаб мүшелері тәулік бойы жұмыс істейді. 

Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындар сауалдарына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call-орталық жұмыс істейді. Аталған орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайды. 

Айта кетері, 2 сәуірдегі жағдай бойынша облыста аталған індетті жұқтырған 5 науқас тіркелген. Олардың барлығы Жетісай ауданының тұрғындары. 




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді