Қолды сабынмен мұқият жуудың маңызы зор

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b-96.jpg

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас эпидемиолог дәрігері Гүлнар Төлепова коронавирустың таралуына жол бермеу үшін тұрғындар да төмендегідей профилактикалық шараларды ұстанулары қажеттігін айтуда.

Атап өтер болсақ:

- қолды сабынмен жиі және мұқият жуу;

- адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;

- науқас адамдармен (ЖРВИ) қарым-қатынаста болмау;

- дене қызуының көтерілуі, жөтелу, қиын демалу белгілері болса 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмек шақыру қажет.

Халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізген облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс реаниматологы Вячеслав Цайдың айтуынша, дәрігерлер бүкіл әлемді дүрліктірген індетке қарсы бірнеше рет оқу курстарынан да өткен.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындарға 1406 телефоны және өңір бойынша 109 нөмірі арқылы шұғыл ақпараттық орталығына хабарласуларына болады.

Ресми ақпаратты еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің және аталған ведомствоның Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайттарынан, олардың фейсбуктегі жеке парақшаларынан көре аласыз. Сонымен қатар, ннфекцияның алдын алу және онымен күрес бойынша барлық мәліметті Түркістан облысы әкімдігінің «ТүркістанCOVID-19 облыстық шұғыл ақпарат тарату штабы» парақшасынан да білуге болады.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді