Ауданда жол мәселесі болмайды

Screenshot_4.jpg

Жол – экономиканың күре тамыры. Жол арқылы сауда-саттық, алыс-беріс орнайды. Бұл арқылы екі ортада ақша, тауар айналымы жүреді. Мұндай айналым шағын және орта кәсіпкерлікті қарқынды түрде дамытады. Әрине, ең бірінші кезекте магистралды жолдар бойында қанатын кеңге жаяды. Содан кейін қалалар, аудан-ауыл, елдімекендер арасындағы жолдарда өз деңгейінде дами береді. 

Тоғыз жолдың бойында орналасқан Түлкібас ауданында жол мәселесі әрқашан басты назарда тұрады. Түлкібасқа сырттан келетін туристер өте көп. Көбіне олар Ақсу-Жабағылы қорығын көруге келеді. Міне, сондайа олардың көзі аудан ішіндегі жолдарға түсуі мүмкін. Жолдар теп-тегіс болып, айнадай жарқырап тұрса нұр үстіне нұр емес пе? Осыған орай, ауданда автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды іске асуда. Жалпы, статистикалық мәліметтер келтіре кетсек, аудан аумағында жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 827,9 шқ. құрайды. Оның ішінде: Республикалық маңызы бар 59 шқ. Облыстық маңызы бар 242,9 шқ. Аудандық маңызы бар жолдар 96,6 шқ. Елді-мекен көшелері 429,4 шқ. құрайды.

Биыл аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: 15,2 шақырым 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырым 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 20 шқ. жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып пайдалануға берілмек. Осы жұмыстар атқарылған соң аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2% -ға, елді-мекен көшелері 85,1%-ға артпақ. Нәтижесінде, аудан тұрғындары қатынау бойынша ешқандай қиындық көрмейді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады