Оқушылар жазғы демалыстарын тиімді өткізеді

Screenshot_3.jpg

Өмірдің гүлі – бала. Бала болмаса, өмір де болмас еді. Себебі, бала шаттанып күлсе, шын қуанса күн күлімдеп, әлем жайнайды. Қазақ халқында бұрынырақта жалпақ тілде «жетімдер үйі» деп аталатын балалар үйі болмаған. Ата-бабаларымыз жесірін жылатпай, жетімін жәутеңдетпеген. Себебі, бала – бақ-несібе алып келеді. Баланы басынап сипап, арқасынан қағу арқылы несібені еселей түсуге тырысқан. Ал, баланы ұрып-соқса, жылатса, зәбір көрсетушінің басынан бақ тайып, оңбай қалады деп сенген. Сондықтан да, балаға қамқорлық жасау – барша адамзаттың басты міндеті болу керек.  

Бұл міндет үдесінен Түлкібас ауданы әкімдігі шығып келеді. Түлкібаста жыл он екі ай көмекке мұқтаж балаларға лайықты жағдай жасалып, қамқорлық жасалады. Мысалы, қазіргі таңда оқу жылы аяқталды. Оқушылар жаппай жазғы демалысқа шықты. Енді осы демалысты сәтті пайдалана білу керек. Осыған орай, ауданда оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 830 аз қамтамасыз етілген, тұл жетім және жартылай жетім балалаларға сауықтыру үшін  аудандық  бюджеттен қаржы қарастырылып, 12 маусымнан бастап жазғы лагерде демалдыру жоспарлануда. Бұған қоса кәсіподақ ұйымдарына, мекеме басшылары, демеушілер, ата-аналар  есебінен 3500 жуық оқушыны аудан, облыс, республика көлемінде орналасқан сауықтыру орындарында демалту да жоспарда отыр. Осылайша, түлкібастық оқушылар сапалы дем алып, жаңа оқу жылына зор күшпен келетін болады. 

Сонымен қатар, жаз айларында білім беру ұйымдарында «Латын әліпбиіне көшудің жаңа көкжиектерімен ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік тілдік үйірме курстар, аудандағы  аз  қамтамасыз  етілген  көп балалы отбасы  оқушыларына 6 білім беру ұйымында робототехника бойынша үйірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 59 мектеп жанынан тамақтанумен, ал барлық жалпы орта негізгі мектептердің жанынан тамақтанумен және тамақтанусыз екі-үш ауысымнан сауықтыру алаңдары жұмыс істеуде. 5206 астам оқушы бір мезгіл тамақпен, 6099 астам  оқушы тамақтанусыз демалту жоспарлануда, барлық жалпы орта және негізгі мектептерде құрылатын көгалдандыру және орманшылық бригадаларына 1500 оқушы, аудандық «Өнер» мектебі, жас туристер станциясы, спорт мектептерімен спорт кешендері жанынан ұйымдастырылатын әр түрлі үйірмелерге 1600 оқушы, мектептерде ұйымдастырылатын клубтар мен қызықтыру үйірмелеріне 1500 астам оқушы қамтылуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады