Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан тәуелсіздігін алған жылы дүниеге келген бір топ депутатпен "Тәуелсіздік құрдастары" атты кездесу өтті. Бұл кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еркін форматта ұйымдастырылды. Іс-шараға тәуелсіздіктің құрдастары «Отау-Строй» ЖШС-ның бас директоры, мәслихат депутаты Әлімбек Аслан, «Әлем-БТ» шұлық фабрикасының директоры, мәслихат депутаты Нұрсұлтан Балабиев, «Отырар TV» медиа холдингінің директоры, мәслихат депутаты Жұмақұлова Әйгерім Әбдіохапқызы қатысты.
Кездесу келген қонақтар ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз елдің азаматы болғанына, дәл сол жылдары өмірге келгендеріне қуанышты екендіктерін айта келе өз өмір жолдары мен жеткен жетістіктерін баяндады. Сонымен қатар жастарға тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтарымыз деп әрдайым өз елін-жерін қадірлеуге шақырды.
Және де тәуелсіздік құрдастарына кәсіпкерлік саласының қыр-сыры туралы да айтылды. Шымкент қаласында кәсіппен айналысуға мүмкіндік зор екендігі айтылды. Кәсіп арқылы қала экономикасының өсіп-өркендеуіне үлес қосуға болатыны хабарланды. Осы себепті де мәслихат депутаттары жастарды уақыт жоғалтпай кәсіппен айналысуға шақырды.
Жиын соңында белсенді қатысқан жастар арнайы сый-сияпаттан да құр қалмады. Оларға арнайы сыйлықтар табысталды.