Аудан орталығында отандық киімдер сататын дүкен ашылды

Screenshot_2.jpg

Кез-келген мемлекетте экономиканың негізгі драйверлерінің бірі – шағын және орта кәсіпкерлік саласы. Ел ішінде кәсіпкерлік жоғары қарқынмен дамыса, ақша айналымы жүреді. Яғни, азаматтар арасында сауда-саттық орнап, қазынаға түсетін салық көлемі де ұлғаймақ. Халық билікке алақан жаймай, өз-өздерін жұмыспен қамтиды, өзгелерді қамтиды. Кәсіпкерлік дұрыс жолға қойылса, сапалы тауарлар өндіріліп, ішкі нарықты қамтамасыз етеді. Нәтижесінде мемлекет сырт елдерге тәуелсіз бола бастайды. Керісінше, шет елдерге жөнелтеді. Осылайша, шет елдерден біздің мемлекетке мол қаржы түседі. Сондықтан да, ел ішінде кәсіпкерлікті дамытқан абзал. Бұл жөнінде Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев Жолдауларда нақты тапсырмалар берген болатын. Елбасы кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсету керектігін, тексерісті азайту қажеттігін нықтап айтқан еді.  

Бүгін Елбасы тапсырмасымен үндесетін игі бастама Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан қолдау тапты. Аудан орталығында орналасқан «НАБИ» сауда кешенінен арнайы отандық тауарларға арналып, дүкен ашылды. Мұнда Түлкібас ауданының арнайы эмблемасы тігілген арзан әрі, сапалы мектеп формалары сатылатын болады. Бұл өнімдердің барлығы да «Bellaso» фабрикасында тігілген. Аудан тұрғындары алдағы уақытта шілденің шіліңгір ыстығында қалаға сандалмай арзан бағада мектепке қажетті формаларды осы жерден таба алады.  

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай және «Нұр Отан» партиясы Түлкібас ауданы филиалының кеңесшісі Қуанышбеков Бақытжан дүкеннің лентасын қиып, сауда кешенін арнайы аралады. Осы бастаманы жандандырып отырған жергілікті кәсіпкерлерге сәттілік тіледі. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады