«Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды

Screenshot_25.jpg

«Бастау бизнес» жобасы өз кәсібімді ашсам деген азаматтарды қолдау үшін жасалған мүмкіндік.  Бағдарлама тек дәстүрлі салаларды емес, жаңа әрі тың жобаларды да қолдайды. Шымкенттік көп балалы ана Сейітханова Гүлнұр «Қасиетті жол» оңалту орталығында саз балшық терапиясы арқылы 4 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу ісімен айналысып жүр. 

Гүлнұр Сейітханқызы былтырғы жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында 21 күндік оқу курсына қатысып, «Саз балшық ісі» бойынша мемлекеттік грантқа құжат тапсырған болатын. Нәтижесінде жобасы оң нәтижесін алып, 555 650 тг көлемінде қаржыға қол жеткізді. Қаражатқа кәсібін дамытуға арналған керекті құрал-жабдықтарын алды. Қазіргі таңда саз балшық арқылы емдеу әдісімен мүгедек балалардың түзеліп кетуіне біршама үлесін қосып отыр. Сондай-ақ, саз балшықтан қыш құмыралар да жасайды. Арт-терапевт:

«Арт-терапияның көмегімен адам өз сезімдерін терең түсінуге үйренеді. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік ортаға тез бейімделіп, кіріп кетуіне бағыт-бағдар беріп отырады. Және креативтілік адам бойында сенімділікті оятып, оның қалыптасуына негіз болады» – деп кәсібінің қыр-сырын сипаттады. 

Саз балшық терапиясы психотерапияның маңызды салаларының бірі – арт-терапия саласына жатады. Сондай-ақ, арт- терапевт аптасына бір рет «Шаңырақ» отбасы институтында мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына ақысыз сабақ өткізеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • ​Шымкентте күтімді қажет ететін туристерге де жағдай жасалған
  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды