Бүгін елордадағы «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының 15-ші салтанатты рәсімінде шымкенттік бес компания бірден беделді марапаттарға ие болғанын қуана хабарлаймын. Салтанатты шара ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың, министрлер мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.
Шымкенттік «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС кәсіпорны «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазы болып танылды. ҚР вице-премьері Роман Склярдың қолынан алтын мүсіншені компанияның бас директоры Гүлия Джузенова алды.
Салтанатты іс-шараға қатысқан "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Шымкент қаласындағы филиалының директоры Нұрлан Қабыштаев үздіктер қатарынан көрінген шымкенттік кәсіпорындарға тоқталып өтті.
- Жыл сайынғы «Ұлы дала елі» сыйлығының жеңімпазы шымкенттік «Mega Smart» ЖШС кәсіпорны болды. Компания POLYGLASS технологиясы бойынша МДФ жоғары жылтыр бедерлі панельдерін шығарады. Біз өндірушінің жеңісіне өте қуаныштымыз. Ол оған лайықты. «Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарықтарда ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне беріледі.
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің Төрайымы Алма Архабаева «Аруана» бизнес-тану» сыйлығының Гран-при иегері атанды. Алма Архабаева 2021 жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін 30 әлеуметтік жобаны іске асырды. Солардың бірі – «Іс қолдау» ресурстық орталығы.
Шымкент қаласынан Президенттік «Алтын сапа» сыйлығын алуға барлығы 11 компания қатысты. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта табыс тілейміз!!!, - деді филиал директоры.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының 2021 жылғы лауреаттары «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС («Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша) және «Химфарм» АҚ («Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша) атанды.