Келесте тұңғыш рет анар өсірілуде

Screenshot_15.jpg

Күтіп баптасаң қара жерге өспейтін жеміс жоқ. Мұны келестік тұрғын дәлелдеп отыр. 

Келес ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқып, білім алып, өз кәсіптерін бастаған жас кәсіпкерлердің бірі Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округі, Құралас елді мекенінің тұрғыны Сарыбаев Айбек Асланбекұлы кәсіпкерлікті қолдау «Бастау бизнесі» бағдарламасы бойынша сертификат және 505000 теңге грант алды. Бастапқы жарнасына көптен аңсаған мақсатына қол жеткізіп, 0,10 га жерге 70 тұп дашкабад, қува атты тұқымды анар көшеттерін отырғызып өсіруде. Екі жыл ішінде бір тұп көшеттен 25-30 келі өнім алатынын жоспарлап отыр. Сонымен қатар бұл көшеттер Келес ауданында алғашқы болып отырғызылғанын мәлімдеді. Әрі қарай 3 га жерге 2400 тұп көшет отырғызуды мақсат тұтқан жас кәсіпкер анар өнімдерін ішкі нарықты шығарып, әрі қарай шет мемлекеттерге экспорттауды жоспарлауда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды