Мырзакенттегі алаң жаңартылуда

Screenshot_14.jpg

Орталық алаң тұрғындар үшін аса маңызды орын. Себебі мұнда ресми, мәдени, спорттық шаралар өтеді. Орталық алаң сол аймақтың көркі десе де болады. Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңы да жақын күндері кенттің көркіне айналады.  Қазіргі таңда нысан заман талабына сай жаңа кейіпке енуде. 

Мердігер "Строй.ком "Прогресс" ЖШС-і салып жатқан кешен қараша айында пайдалануға берілмек. Нысанның бас жобалаушысы - "Авангард-ОК" ЖШС, ал техникалық қадағалаушысы - "Royal Company" ЖШС. Мақтаарал ауданы әкімдігінің тапсырысымен жасалып жатқан ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 30-ға жуық адам жұмысқа тартылған.

Алаңның 6820 шаршы метрі брусчаткамен қапталып, 292 шаршы метріне асфальт төселмекші. Сондай-ақ, 25 қоқыс жәшігі, 25 орындық, 3 шатыр астындағы орын орнатылмақ.

Демалыс орнын көріктендіру үшін 7240 шаршы метріне газон төселіп, 950 акация, 100 шырша, 28 терек егілетін болады. Ең бастысы - ауа-райы ыстық мекенде тұрғындар үшін субұрқақ салынбақшы.

Жалпы аудан орталығында абаттандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр. Бұдан бөлек, көлемі 16х5 метр болатын 10 дана ойын алаңшалары салынуда. Сондай-ақ, қазіргі таңда 3 көшеге аяқжол төселіп, 3 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі