Орта және шағын бизнес дамып келеді

Screenshot_7.jpg

Келес ауданының орталығы Абай ауылында жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іске қосылып, жұмыстарын бастады. Өнеркәсіп саласында біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұрған Қыш зауыты зауыт жаңа өнім түрлерін шығару үшін қайта құрылымдалып, халыққа қызмет көрсетуді бастады деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 Сонымен қатар, аудан орталығы кәсіпкерлерінің ішкі инвестициялары арқасында қазіргі таңда 3 нысан, яғни Абай ауылы М.Артықов көшесі бойында Абай ауылының тұрғыны Айтқұлова Майраның бастамасымен «Бекжан» супермаркеті, Ходжанова Айнұрдың «Келес-2» ЖҚБ, Арапбаев Ерболдың кеңселік ғимараты іске қосылды. Сондай-ақ, 6 кәсіпкерлік нысанның құрылысын жүргізіп жатыр. Атап айтсақ Ә.Жылқышиев көшесі бойында кеңселік ғимараттар, Р.Мырзахметов көшесі бойында дүкендер мен қоймаларға арналған ғимарат, М.Артықов көшесі бойындағы «Береке» сауда орталығы мен бірнеше тойханалар бар.

Мамандардың айтуынша 2019 жылы бекітілген бас жоспарға сәйкес, Біртілек, Қошқарата ауылдық округтерінен Абай ауылынан өтетін жерлердің санатын өзгертуге, елді мекен шегіне енгізу жұмыстарына аудандық жер қатынастары бөліміне бюджеттен тиісті қаржы қаралып, Абай ауылының жер көлемі ұлғайтылатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды