«Біздерде мынадай бар...»

Screenshot_3.jpg

Шардарада «біздерде мынадай бар» деп мақтанатын тірлік көп-ақ., Солардың біразына жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Әлтаев пен Түркістан облысы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының орынбасары Нәлібай Дәрібаев куә болды. Өңірге аяқ басқан кәсіпкерлер аудан әкімі Қайрат Жолдыбаймен бірге бірінші кезекте Жаушықұм ауылдық округіндегі «Иіржар агро» ЖШС-іне келді.  Жыл сайын бітік өнімге қол жеткізетін бұл шаруашылық биылғы жылы 195 гектар алқапқа шит септі. Оның 160 гектарын тамшылатып суару әдісімен еккен шаруалар одан өзге 43 гектарға бидай, 52 гектарға жоңышқа, 10 гектарға пияз, 3 гектарға жүгері дақылдарын орналастырды.

Диқан қауыммен тілдескен Мәжіліс депутаты олардың қырмандарына береке тіледі. Екінші кезекте қонақтар «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмыс барысымен  танысты. Балық өңдеумен айналысатын іргелі кәсіпорында бүгінгі таңда 250 жергілікті тұрғын жұмыс жасайды. Өнімдері Латвия, Литва, Франция, Германия, Қытай елдерге экспортқа шығарылып отырған бұл зауытта былтырғы жылы 2331 тонна балық өндірілген. Балықты тазалаудан бастап, мұздатылған және ысталған дайын өнім болғанға дейінгі жұмыс процесімен танысқан Нұржан Әлтаев зауыт қызметкерлерімен сөйлесіп, қанша жалақы алатындарын сұрады. 80 мың теңге көлемінде айлық жалақы алатынын айтқан жұмысшылар мұнда өздеріне ыңғайлы барлық жағдайлар жасалынып отырғанын жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды