Шаттық пен қуанышқа толы мереке

Screenshot_13.png

Ленгер қаласындағы Төлеби аудандық мәдениет үйінде мұсылман баласы үшін шаттық пен қуанышқа толы Мәуліт мерекесі аталып өтті. Бұл туралды Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Рухани кешке, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы Бейсенбаев және ауыл мешіттерінің имамдары мен тұрғындары қатысты.

Шараның басты мақсаты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани өнегелі өмірі, тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты сөздерін жас өрендердің санасына сіңіру, жастардың дұрыс, тура жолмен жүріп-тұруына септігі тиетін хадистерді насихаттау болып табылады. Мәуліт -пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с.-ның туған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке мұсылман күнтізбесі бойынша Рабиғ-әл-әууәл айының 12-сі күні аталып өтіледі. 

Кеш барысында мәнерімен мәуліт оқылып, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз туралы мәліметтер баяндалып, көрермендерге көріністер көрсетілді. Ұлық мейрамда жыр-термелер де, күмбірлеген күйлер де ойналды.

Сонымен қатар мерекеге орай «Нұртас» мейрамханасында дастархан жайылып, құран оқытылды. Жиын соңында мұсылман қауім бір-бірін құттықтап, амандық-саулық тілесті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды